Футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы ойын мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. А тобындағы матч аяқталды. Қатар - Эквадор арасындағы кездесуде Эквадор құрамасы басым түсті.
Қонақтар матчтың 16 минутында және 31 минутында Қатар қақпасына екі бірдей гол соқты. Дубльдің авторы – Эквадор шабулшысы Эннер Валенсия.