21.11.2022, 07:00

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын, тұман күтіледі.

Қазгидромет 21 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында кей уақытта қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу бұрқасын соғады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс желі облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында 18-23 м/с жетеді.

Алматықаласында 21 қараша кей уақытта тұман күтіледі. Конаев қ.: 21 қараша кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі.

Астанақаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болжанады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Тегтер: ауа райы