$ 441.66  475.14  4.86

Қаза тапқан өрт сөндірушіні еске алуға арналған бейнеролик жарияланды (ВИДЕО)

Өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін ол жауынгерлік киімін шешіп, тек камуфляжбен және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі Instagram желісінде астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған әсерлі видео жариялады, деп жазады inbusiness.kz.  

Асқар Забикулин 20 қарашада астаналық ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. 16 қарашада өрт болған астаналық "Қаһарман" тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқарып, денесінің 80 пайызын күйік шалды.

Өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін ол жауынгерлік киімін шешіп, тек камуфляжбен және бетпердемен жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен. Ішінен әжесі мен немересін тауып алып, өрттен алып шыққан. Содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы құтқарып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары