Биылғы жылдың он айында ұйымдар өз қызметкерлеріне 4,359 млрд теңге қарыз, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, еңбек инспекторлары 781 кәсіпорында заң бұзушылықты анықтаған. Олар 18 900 жұмысшының жалақысын бермеген болып шықты.
«Аталған кәсіпорындардың басшыларына 719 міндетті ұйғарым шығарылып, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды» деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Нәтижесінде кәсіпорындардағы 17200 жұмысшы еңбекақыларын алды. Оларға 4,234 млрд теңге төленді.
Orda.kz