$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда 5 жасар баласын қорлықта ұстаған ата-анаға қатысты тергеу басталды

Бала екі жыл бойы әкесі мен оның бірге тұратын әйелінен зорлық-зомбылық көрген, туған анасы түрмеде отыр.

Көкшетауда жантүршігерлік жағдайда табылған бес жасар баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 қарашада Көкшетау қаласының полиция бөліміне Астана қаласының 34 жастағы тұрғынынан арыз түскен.

«Әйел туысы, облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының бала тәрбиесімен айналыспай отырғанын айтып хабарласты. Арызданушының айтуынша, туысының отбасында 2017 жылы дүниеге келген бала азып-тозып кеткен. Тексеру тексеру барысында аталған дерек расталды», - делінген ПД хабарламасында.

Осы жайттан кейін бала ауруханаға жатқызылған.

«Аталмыш дерек бойынша полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген хабарламада.

Қазргі кезде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, туған әкесі мен өгей шешесінен зорлық-зомбылық көріп, адам шошырлық халге түскен баланың жағдайы туралы алғаш рет туыстары дабыл қағып, тиісті органдардан көмек сұраған. Бала екі жыл бойы әкесі мен оның бірге тұратын әйелінен зорлық-зомбылық көрген, туған анасы түрмеде отыр. Баланы тыныштандыру үшін ата-анасы оны өз көйлегіне байлап, бөлмеде жалғыз қамап ұстаған, басқа балалармен араласуына рұқсат бермеген, отбасында тоғыз бала бар. Сондай-ақ баланы дұрыс тамақтандырмағандықтан және су бермегендіктен, ол бауыр циррозы және рахит ауруларына шалдыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары