$ 483.23  534.74  5.12

Қаржы пирамидасын құрған әйел 180 миллион теңге жымқырған

9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қарағанды​​ аумағында қаржы пирамидасын құрған әйел жәбірленушілерге 180 млн теңге залал келтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ға дейін және шетел валютасында 6%-ға дейін немесе ай сайын 5%-ға дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тарту болған.

Яковлева И.В. 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС филиалдарын ашып, осы қаржы пирамидасын басқарды.

Осылайша, Яковлева И.В. өзінің қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 180 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Соттың үкімімен Яковлева Ирина Викторовна кінәлі деп танылып, оған қаржы ұйымының, банктік және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан, 7 жыл мерзiмге қаржылық ұйымның қатысушысы құқығынан айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары