22.11.2022, 01:10

Англия - Иран матчы әлем чемпионатында ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді

Бұдан бұрын мұндай жағдай 1994 жылғы әлем чемпионатында тіркелген еді.

Англия және Иран құрамаларының кездесуі футболдан әлем чемпионаты тарихында ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында бразилиялық төреші Рафаэл Клаус бірінші кезеңге - 14, екінші кезеңге - 10 минут қосымша уақыт қосты.

Нәтижесінде төрешінің соңғы ысқырығы ойын басталғаннан кейін арада 117 минут 16 секунд өткенде естілді.

Осылайша ол әлем чемпионаты тарихындағы ең ұзаққа созылған ойын ретінде ерекшеленді.

Еске салсақ, аталған кездесуде Англия құрамасы Ираннан 6:2 есебімен басым түсті.

Бұдан бұрын мұндай жағдай 1994 жылғы әлем чемпионатында тіркелген еді.

Сол жылы Оңтүстік Корея және Боливия кездесуі 104-минутта аяқталды.