Өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналы.
22 қарашадағы мәлімет бойынша, елде 743 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 153 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 118 пациент стационарда, 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сондай-ақ 22.11 мәлімет бойынша 10 846 400 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырса, 10 610 721 адам II компонентін салдырған. Ревакцинация жасатқандар саны – 5 654 339.