$ 443.37  474.49  4.83

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік боксшылар тізіміне енді

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі ең үздік 50 боксшының қатарына кірді.

World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (pound for pound) әлемдегі ең үздік 50 боксшының қазіргі рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Sport.kz.

Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімге алғаш рет енді. Ол рейтингіде 49-орында тұр.

IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.

Тізімде украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Екінші орында екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары