$ 446.49  475.38  4.79

Латвиядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қосылды

Еліміздің қазіргі  гимнінің орнына 1991-2006 жылға дейінгі гимніміз ойналды. Әнұранның ауысқанына 16 жыл болса да, масқара жағдай қайталануда.

Латвияда өтіп жатқан спорттық биден әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны қосылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Латвияда спорттық биден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста жастар арасында сынға түскен  отандастарымыз Максим Жиленков пен Арина Молочникова спорттық бидің қоссайыс түрінде қарсылас шақ келтірмей Әлем чемпионы атанды. Десе де марапаттау салтанатында масқара жағдай болды. Еліміздің қазіргі  гимнінің орнына 1991-2006 жылға дейінгі гимніміз ойналды. Әнұранның ауысқанына 16 жыл болса да, масқара жағдай қайталануда. Оған жауапты спорт функционерлеріне де бәрібір сияқты.

Қайбір жылы мен Спортты дамыту дирекциясында жұмыс істегенде шет елдік жарысқа шыққан әрбір командаға Еліміздің гимні мен көк туын қосып жіберу баспасөз хатшысының мойнында болатын. Қазір қалай екенін білмеймін, десе де сұмдық мынау…» – деп жазды Айдос Рымқұл Facebook-тағы парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары