$ 481.84  531.33  5.07

Ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына жеңілдіктер қарастырылмақ

Асхат Аймағамбетов жақында тиісті өзгерістер жүзеге асатынын атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция, өрт сөндіру саласы және әскери қызметкерлердің балаларына колледждер мен дарынды оқушыларға арналған мектептерге грант берілетін болады, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған полиция, өрт сөндіру, әскери қызметкерлердің балаларына білім беру саласы бойынша бірқатар жеңілдік беру қарастырылып жатыр. Балабақшаларға балаларды кезексіз қабылдау, университеттерге грантқа түсу мәселесі шешімін тауып жатқанын атап өту керек. Ендігі мәселе – қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің балаларына колледжде оқуға грант алу, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде квота бойынша оқу мәселесін шешу", - деді министр ведомствоның аппарат отырысында.

Асхат Аймағамбетов жақында тиісті өзгерістер жүзеге асатынын атап өтті.

"Ерлік көрсеткен азаматтардың үлгісін тәрбие беру жұмысында барлық балаға айтып, жеткізуіміз керек. Бұл азаматтардың есімі ел есінде болуы тиіс", - деді ведомство басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары