Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.
«22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.