$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл соңына дейін абақтыда болады

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бұрынғы шенеунік Ұлттық музей бюджетінен бөлінген 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алу мерзімін 7 айға, яғни 29 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл Астана қаласы прокуратурасының Orda.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) сілтеме жасай отырып, бұрынғы министрдің ісіне қатысты басқа деректер жарияланбайды.

«Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты А.Мұхамедиұлына қатысты қолданылған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 7 айға ұзартты. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді» делінген ведомствоның жауабында.

Ең қызығы, Мұхамедиұлының тергеу изоляторында алтыншы ай жатса да Ұлттық музейдің қазіргі директоры ретінде тізімде тұрғаны, кем дегенде, ұйымның сайты осыны айғақтайды. Айта кетсек, Антикор мұражайдағы ұрлық үшін ғана оның үстінен іс қозғады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігімен (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) айыбы тағылуда.

Осы баптың 4-тармағында іс-әрекет не адамдар тобымен, не аса ірі мөлшерде жасалды деп ұйғарылады. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Арыстанбек Мұхамедиұлының тұтқындалуы 16 мамырда Алматыдағы Ұлттық музей ғимараты мен экс-мәдениет министрінің үйінде тінту жүргізілгеннен кейін жарияланды. Сол күні экс-министр президентке видеоүндеу жазып, онда «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджет қаражатын заңсыз пайдаланды деген айыпты жоққа шығарды. Ал үндеу жарияланғаннан кейін бір сағаттан соң Мұхамедиұлының тамырын кесіп, ауруханаға түскені туралы ақпарат түсті.

Алайда оның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай тінтулер болмағанын, бастығының жоспарлы операцияға барғанын алға тартты. Дегенмен, Қырықбай шынында да Ұлттық музейдің қызметіне тексеріс жүргізіліп жатқанын, оған режиссер әрі актер Тұңғышбай Әл-Таразидің мәлімдемесі себеп болғанын растады. Тұңғышбай Әл-Тарази алты ай бойы қылмыстық іс қозғауға ұмтылғанын айтып, сұхбат беріп, оған тағылған айыптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, яғни 29 мамырда Антикор Мұхамедиұлының ұсталғанын және ол «Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесін мемлекеттік сатып алу келісімі шеңберінде бюджет қаражатын, атап айтқанда 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

Orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары