$ 494.87  520.65  4.91

Ерлікпен көз жұмған Асқар Забикулинді ақтық сапарға шығарып салды

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші 20 қарашада ауруханада қайтыс болды.

- Бүгін Көкшетау қаласында ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлын Забикулинді әріптестері мен туған-туыстары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 12.00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бір минут үнсіздік жарияланды.

Асқар Забикулин туған жерінде - Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында жерленді.

Еске сала кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде бір бала ауруханаға түсті.

Ал 3 адамды құтқарған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сондай-ақ, оған достары көмек жинады.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Кейін оның отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталған болатын.

Денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші 20 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Марқұмның отбасына көңіл айтқан Президент Астана көшесіне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары