Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитіне қатысады деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды ҰҚШҰ сайты.
Бүгін, 23 қарашада Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) отырысы өтеді.
"Шараға Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысады қатысады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Сессия барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы қабылданады.