$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген

Бұған дейін Өскемен қаласының және Глубокое ауданының тұрғындары шаруашылықтың қызметіне, экологиялық залалына бірнеше рет шағымданған.

Шығыс Қазақстандықтарды зар жылатқан Степной кентіндегі «Родничок» ШҚ шошқа фермасы жабылатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлім етті.

Бұған дейін Өскемен қаласының және Глубокое ауданының тұрғындары шаруашылықтың қызметіне, экологиялық залалына бірнеше рет шағымданған.

Кәсіпорын басшылығы ферманың қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқамаларды орындамаған және жергілікті тұрғындардың шағымын ескермеген. Оның залалы халықтың денсаулығының нашарлауына алып келді, - деп мәлімдеді департамент.

Экологтардың айтуынша, өткен көктемде тұрғындардың өтініші бойынша «Родничок» ШҚ-ға қатысты ҚР экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Соның нәтижесі мынау:Біріншіден, кәсіпорын қызметкерлері қалдықты ашық алаңға лақтыра берген. Топырақ жамылғысы соның кесірінен ластанған. Екіншіден, дөңес жерде орналасқан фермада нөсер кәрізі жоқ. Жауын-шашыннан кейін ластанған лай-батпақ еңістегі елді мекендерге ағып барады. Сондай-ақ кәсіпорын ассенизаторлық машинамен төккен шошқа шламы жер үсті және жер асты суларын ластаған.Экология департаментінің ақпаратына сүйенсек, шошқа фермасына 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Өскемен бойынша мамандандырылған әкімшілік соттың шаруа қожалығының қызметін тоқтату туралы шешімі әлі күшіне енген жоқ. Шошқа фермасының басшылығы апелляциялық шағым бере алады. Алайда экологтар сот шешімі өзгеріссіз қалатынына сенімді.

Сот тұрғындар шағымын ескерді және департаменттің дәлелдерін қолдады. Шешімі күшіне енгенде, кәсіпорынның қызметі бірден тоқтатылады, – дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары