$ 494.87  520.65  4.91

«АрселорМитталдағы» жарылыс»: 26 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр

Олардың ішінде «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Биджу Наир мен AMT көмір департаментінің директоры Гельсон Батиста да бар

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апаттың себебін​ айтты.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин күдіктілер тізімінде 26 адамның бар екенін, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Биджу Наир мен AMT көмір департаментінің директоры Гельсон Батиста бар екенін айтты.

Бұған инженерлік қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген кеніштегі жұмыстың тікелей жетекшілері де кінәлі. 

Еске салсақ, қайғылы оқиға 3 қарашаға қараған түні болды. Шахтинскідегі «АрселорМиттал Теміртау» кенішіндегі жарылыс салдарынан 5 қазақстандық қаза тапты. Төртеуі ауруханаға жеткізілді.

"3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апат бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көп мөлшерде шығуына байланысты кенеттен газдинамикалық құбылыс нәтижесінде пайда болды. Негізгі себеп – метанның шаңмен бірге көп мөлшерде шығуынан №79 пикет аймағындағы бұрғылау станогындағы бұрғылау штангасының металл бекіткіштерінің элементтеріне үйкелуі салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс орын алған", – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары