$ 481.84  531.33  5.07

Өздерін мемлекеттік органдар басшысы ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды

Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Фото: t.me/antikornews
Фото: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өздерін мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдары ретінде таныстырып, азаматтардан пара алған алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Топ мүшелері өз құрбандарына түрлі мәселелерді шешіп беруге уәде берген. Қазір күдіктілердің бірі – Б.Қ.Әбдікерімов сот санкциясымен қамауға алынды. Ал М.Ж.Тұрановтан "Халықаралық полиция орталығы" ("Interpol Center UN") генерал-майорының куәлігі тәркіленді.

“Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары