23.11.2022, 21:20

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Еске салсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды деп хабарлады ҚазАқпарат. 

«2022 жылы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты», – деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

Қазір ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

Бұл – Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер.

Қазіргі уақытта тергеу органдары қабылдаған шаралардың арқасында шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Лихтенштейннен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды.