24.11.2022, 10:20

Алматыдағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

Кейбір оқушылар күртешелерін киіп үлгермеді. Сыныптарда сөмкелер мен заттар қалды.

Талғар қаласында №3 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан мыңнан аса адам эвакуацияланды.

"Кейбір оқушылар күртешелерін киіп үлгермеді. Сыныптарда сөмкелер мен заттар қалды. Ата-аналарға балаларын алып кету үшін хабарламалар жіберілді. Дереккөздер бомба туралы жалған ақпарат тарағанын айтады. Әзірге билік ресми түсініктеме берген жоқ", - делінген kris_p_talgar Instagram парақшасында.

Облыстық ПД белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.

"23 қарашада сағат 14:45-те Алматы облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне Талғар қаласы №3 орта мектебіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соған байланысты аталған орта мектептен 1000 оқушы, 90 мұғалім және 25 техникалық персонал эвакуацияланды", - деп көрсетті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz