$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда Үндістан азаматы ұрланды

Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы шағым түсіріп, белгісіз біреулердің оны күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы хабарлаған.

Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен. «Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен 26 мен 34 жас аралығындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,– деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары