$ 494.87  520.65  4.91

Кезінде арзан бағамен жекенің қолына өтіп кеткен тағы бір компания мемлекетке қайтарылатын болды

Сондай-ақ премьер-министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.

Үкіметте премьер-министрдің төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазір осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.  

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды. 

Сондай-ақ премьер-министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары