$ 494.87  520.65  4.91

Алаш арыстарының көзсіз суреті бейнеленген киімдер сатылмайтын болды

Мұндай көзқарастағы азаматтарды заңға қарап ғана емес, қоғам болып айыптауымыз қажет.

Қазақ ақын-жазушылары көзсіз бейнеленген киімдер сатылмайтын болды деп хабарлайды Informburo.kz. 

"Біздің коллекцияға бола қазақ қазақпен жаға жыртысып, бір-бірін балағаттағанын қаламаймыз. Сол себепті "Бес арыс", "Әлихан Бөкейханұлы", "Үш бәйтерек", "Абай Құнанбайұлы" коллекцияларының сатылымы уақытша тоқтатылды", – дейді кәсіпкер Нұрбол Әзімжан Instagram-да. 

Кәсіпкер бұл тақырыпта мамандармен сұхбаттасып немесе еркін подкастта кеңесіп, видео түсіремін деп жоспарлап отыр. Ол видеода Әзімжан адамның суретін көзсіз салу дұрыс не бұрыс екенін анықтамақ.

Еске сала кетейік, көзсіз бейнеленген Алаш арыстарының суреті бар киімдер Қазнетте дау туғызған еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пікіріне сенсек, көзсіз Алаш арыстарының суреті бар киімдерді жасап, сатқан дұрыс емес. 

Бұл мәселеге мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев да ойын айтты. 31 арна эфирінде ол кәсіпкердің ісіне Алаш арыстарына тіл тигізді деп баға берді. 

"Мұндай көзқарастағы азаматтарды заңға қарап ғана емес, қоғам болып айыптауымыз қажет", – деді депутат. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары