$ 490.84  536.88  5.04

Көлікті құжатсыз және мас күйінде айдаған әкім жұмыстан қуылды

Шенеунік ішімдік ішіп, артынан қызметтік көлікке отырған. Осы әрекетімен жол қозғалысы мен айналадағы адамдарға қауіп төндірген.

Солтүстік Қазақстан облысының этика жөніндегі кеңесі көлікті құжатсыз және мас күйінде айдаған ауыл әкімін қызметінен босатуға ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеңес мүшесі Инесса Қуанованың айтуынша, отырыста Шал ақын ауданындағы Юбилейный ауылдық округының әкімі Бүркіт Шекеновтың тәртіптік ісі қаралды. Шенеунік Астана қаласындағы іссапардан келгеннен кейін бір дәмханаға кешкі асқа барған. Сол жерде ішімдік ішіп, артынан қызметтік көлікке отырды.

Сөйтіп, 10 қараша күні мас күйінде Сергеевка қаласының бір көшесімен жүріп келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Соттың үкімімен әкім 20 тәулік бойы әкімшілік қамақта отырып шықты.
"Әкім мемлекеттік қызмет істері депаратментінің өкілдеріне ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен кейін іссапардан келе жатқанда бірге болған бал сатушысы жолдың бойындағы дәмханаға шақырғанын айтты. Сонда екеуі кешкі аспен "медовуха" ішкен. Ал сот қаулысында бір банка сыра туралы жазылған. Қалай болса да, соның өзі медициналық тексеріс кезінде жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтауға жетіп тұрды", - дейді Қуанова.

Оған қоса, Шекеновке жүргізуші куәлігі берілмегені анықталды. Оны ішкі істер министрлігінің базасы да растап отыр.

"Әкім өзі кінәсін толығымен мойындады. Бірақ түнгі бірде мас күйінде көшеге қалай шыққанын түсіндіре алмады. Осы әрекетімен жол қозғалысы мен айналадағы адамдарға қауіп төндірген", - деп атап көрсетті Қуанова.

Кеңестің шешіміне сәйкес, әкім бірқатар шектеулер мен ережелерді бұзды. Этикалық кодекс пен заңға да қараған жоқ. Сол себепті елге сыйлы және заңға бағынатын басшы бола алмайды. Кеңес оны қызметінен босатуға ұсыныс енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары