$ 448.89  477.93  4.76

Астанада 11 жастағы бала суға құлап кетті

Бала мұз үстіндегі мысықты құтқарамын жұқа мұзды басқан бетте, мұз бірден жарылып, бала суға түсіп кеткен.

 Елордада 11 жастағы бала мысыққа барамын деп суға құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыстың аязды таңында қала тұрғыны Елена Шелестюк “Алатау” спорт кешенінің ауданында серуендеп жүрген. Бір кезде ол өзенде ашық қызыл түсті бас киімді байқайды. Мұқият қарап, иығына дейін суға батып, жанталасып жатқан баланы көреді.

Әйел суға тез жүгіріп барады.

Өкінішке қарай, мен жүзе алмаймын, бірақ қазір сені алып шығамыз деп барынша баланы жігерлендіруге тырыстым. Осы сәтте мен балаға мұзды судан шығуға көмектесу үшін жолға жүгіріп, көліктерді тоқтата бастадым. Содан кейін бей-жай қарамайтын жүргізушілермен бірге баланы өзеннен шығарып алдық. Бұл оңай болған жоқ – баланың киімі су болып қалған, ауыр рюкзагі әбден суға толып оны төмен қарай тартқан, оның үстіне бала қатты қорқып қалғандығы сонша ол өз бетінше күресе алмаған. Соған қарамастан, біз баланы жағаға шығарып алдық, –деп еске алады Елена Викторовна.

Содан кейін бала дереу ауруханаға жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. Кәмелетке толмаған бала жаттығудан шыққаннан кейін Ақбұлақ өзенінің бойымен үйіне бара жатқаны анықталды.

Сол кезде баланың назары мұзда отырған мысыққа түседі. Бала мысыққа қарай төмен түсіп, жұқа мұзды басқан бетте, мұз бірден жарылып, бала суға түсіп кетеді.

Баланың анасы мен полиция қызметкерлері баланың өмірін сақтап қалғаны үшін батыл әйелге үлкен алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары