$ 448.15  483.46  4.86

Меккеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты

Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, бұл қалалардың әуежайларындағы көптеген рейстер тоқтатылды.

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын аудандарда жауған. Жарты тәулікте шамамен 180 мм, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Мекке қаласы мен оған жақын аймақтарда бейсенбі күні таңертең басталған толассыз жауын салдарынан екі адам қаза тапты.

Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, бұл қалалардың әуежайларындағы көптеген рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа-райы қалпына келгенше ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары