$ 494.87  520.65  4.91

Шетелдіктер Петропавлға барғаны үшін ақша төлеуге міндеттелмек

Жобаның қабылдануы шетелдіктердің туристік алым төлеуі есебінен бюджетті толықтыруға себеп болады.

Петропавл басшылығы 2023 жылдың басынан бастап қалаға кіретін шетел азаматтарын туристік алым төлеуге міндеттемек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ашық НҚА» порталында 23 қарашада жарияланған «Шетелдіктерге арналған туристік салық мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасында айтылғандай, қалалық мәслихат тұру құнының бес пайызы көлеміндегі жарна мөлшерлемесін бекіту туралы шешім қабылдады.

Құжатта мөлшерлеме 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырыла отырып, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ресми статистикалық мәліметтер негізінде бекітілгені айтылған.

«2022 жылғы қаңтар-маусымда тұру орындарында шетелдік туристер (резидент еместер) санының 204,3%-ға артқаны байқалды, бұл ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік алымдарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» №787 қаулысының 8-тармағына сәйкес келу құнының бес пайызы мөлшерінде туристік салық ставкасын қолдануға мүмкіндік береді», - делінген құжатта.

Жобаны қоғамдық талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, жобаның қабылдануы шетелдіктердің туристік алым төлеуі есебінен бюджетті толықтыруға себеп болады. Жобаны жүзеге асыруға байланысты қаржылық шығындар қарастырылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары