$ 449.58  486.94  4.86

Келесі жылдан бастап шетелге ұшу арзандайды

Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға шетелге баратын ұшақ билеттері арзандайды. Бұл туралы индустрия министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жауапты ведомство шетелдік лоукостерлерді тарту арқылы билет бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

Қазір министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ нақты қайсы екенін министр Өскенбаев жасырып қалды. Яғни шетелге қатынайтын үлкен ұшақтар Қазақстан жерінде аялдап, жолаушыларды алып кетеді.

Ондай билет арзан болады дейді жауаптылар. Отандастардың Түркия мен Еуропаның кейбір елдеріне қиналмай  ұшуы көп күттірмей, келесі жылы басталмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары