Құрманғазы аудандық полициясын оқиға болған жерге шұғыл-тергеу тобын жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша 24 қараша күні WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылдық округіне қарасты "Ыдырыс" қыстауының маңында мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтықтың төгілгені көрсетілген видео тарай бастады.
Бұл маңайда "Смарт Ойл" ЖШС барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Ақпаратты тексеру үшін мұнай төгілді деп болжанған жерге Сүйіндік ауылының әкімі, учаскелік полиция мен сол видеоны таратқан жергілікті тұрғын келген. Нәтижесінде Батырбек ауылынан 8-9 шақырым қашықтықтықта (Смарт Ойл" ЖШС барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан жер) шамамен 50 шаршы метр жерге мұнай өнімдеріне ұқсайтын күңгірт түсті сұйықтықтың төгілгені анықталған.
Жағдай толық нақтыланғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. "Смарт Ойл" ЖШС 2022 жылдың тамыз айынан бастап, Сүйіндік ауылдық округіне қарасты "Ыдырыс" қыстауына жақын жерде маңында барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.