25.11.2022, 16:40

Футбол: Аргентина мен Германия үздік үштіктің қатарынан шығып қалды

Рейтингте бұрынғыша Бразилия құрамасы көш бастап келеді.

 Goal сайты Қатардағы футбол чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турынан кейін жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтингте бұрынғыша Бразилия құрамасы көш бастап келеді.

Испания – екінші, Франция үшінші орынға көтерілді. Бұдан бұрын үздік үштікте болған Аргентина мен Германия сәйкесінше 8-інші және 16-орынға ығысты.

2022 жылғы әлем чемпионаты фавориттерінің үздік ондығы:

1. Бразилия (бұрынғы орны – 1).

2. Испания (4).

3. Франция (5).

4. Англия (6).

5. Нидерланд (7).

6. Португалия (11).

7. Бельгия (9).

8. Аргентина (2).

9. Швейцария (14).

10. Дания (8).

16. Германия (3).

Топтық бәсекенің екінші туры бүгін Уэльс – Иран матчымен басталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан әлем чемпионатында Португалияның Гананы ұтып, өз тобында көш бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Криштиану Роналду бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанды.

Сербиямен матчта Ришарлисон Бразилияны жеңіске жеткізді.