$ 446.49  475.38  4.79

Қатар-2022: Англия мен АҚШ кездесуінде есеп ашылмады

Енді 26 қарашада С және D тобындағы құрамалар екінші тур ойындарын өткізеді.

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының В тобында Англия мен АҚШ құрамалары тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы турда Англия құрамасы Иранды 6:2 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алған еді. Есесіне АҚШ футболшылары Уэльспен кездесуінде 1:1 есебіне қанағат білдірген болатын.

Ойын барысында америкалық футболшылар азулы қарсыласына лайықты төтеп беруге тырысты. Тіпті қақпаға соққы жасау жөнінен алда тұрды. Десе де, допты ұстаудан Англияның басымдығы айқын аңғарылып тұрды.

Ойынның 68-минутында Англияның бас бапкері екі футболшыны бірден алмастырды. Джуд Беллингем мен Рахим Стерлингтің орнына Джордан Хендерсон мен Джек Грилиш шықты. Дегенмен ойын барысы бұрынғыдан өзгере қойған жоқ. Гарри Кейн бастаған ағылшын футболшылары қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай жатты.

Кездесуде құрамалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын В тобында Иран құрамасы Уэльстен 2:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ В тобында Сенегал Қатарды жеңді.

Ал аталған топтағы Нидерланд пен Эквадор құрамалары тең тарқасты.

Енді 26 қарашада С және D тобындағы құрамалар екінші тур ойындарын өткізеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары