Жаңалықтар 26.11.2022 сағат 01:31

Сенегал-Қатар: Сенегал құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бұл жолы сенегалдық футболшылар сауатты ойын өрнегін көрсете білді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының А тобында Сенегал құрамасы Қатардан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы турда Қатар құрамасы Эквадорға, Сенегал Нидерландқа 0:2 есебімен жол берді.

Сондықтан бүгінгі кездесудің екі құрама үшін де маңызы ерекше болатын. Бұл жолы сенегалдық футболшылар сауатты ойын өрнегін көрсете білді.

Бірінші кезеңнің 41-минутында сенегалдық Булайе Диа мергендігімен көзге түссе, 48-минутта Фамара Дьедиу есепті үстемелей түсті.

Қатарлық құрама сапынан Мохаммед Мунтари 78-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша ол өз құрамасының әлем чемпионаты финалдық сатысындағы тұңғыш голының авторы атанды.

Бұдан кейін сенегалдық Бамба Дьенг 84-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Сенегал құрамасы Қатардан 3:1 есебімен басым түсті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар