Республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі еліміздің 9 өңірінде жабылды, деп хабарлайды Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында қоғамдық және жүк көлігі үшін барлық бағыттар бойынша республикалық трассалар жабылды.
«Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 call-орталығына қоңырау шалу қажет»,-делінген хабарламада.