$ 480.55  533.75  5.36

Қатар-2022: Аргентина алғашқы жеңісіне жетті

Аргентина құрамасы бірінші турдағы сенсациялық жеңілісінен кейін Катардағы әлем чемпионатында алғашқы үш ұпайын еншіледі.

Аргентина құрамасы бірінші турдағы сенсациялық жеңілісінен кейін Катардағы әлем чемпионатында алғашқы үш ұпайын еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.

С тобындағы матчте Аргентина мен Мексика кездесті. Аргентина құрамасы Катардағы алғашқы ойынында күтпеген жерден Сауд Арабиясынан жеңіліп қалған еді. Ал Мексика Польшамен тең тарқасқан.

2-тур ойынының бірінші таймында гол соғылмады. Ал матчтің 64-минутында Лионель Месси аргентиналықтарды алға шығарды.

87-минутта Мессидің пасынан кейін Энцо Фернандес есепті еселеді. Осылайша, Аргентина құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы ойыннан кейін Аргентина құрамасы үш ұпаймен 2-орынға көтерілді. Көш басындағы Польшада төрт ұпай бар. Сауд Арабиясы үшінші, Мексика төртінші орында тұр.

С тобының шешуші матчтері 30 қарашада өтеді. Аргентина Польшамен, Мексика Сауд Арабиясымен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары