$ 444.14  477.05  4.85

Теміртау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылғы 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фигурантта ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары