Жаңалықтар 29.11.2022 сағат 16:20

Екібастұздағы он қазандықтың алты агрегаты ғана жұмыс істеп тұр

Таңертең тағы 25 көпқабатты және 90 жеке үйде жылу беру проблемалары анықталды.
Екібастұздағы он қазандықтың алты агрегаты ғана жұмыс істеп тұр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылу желілеріндегі апатты жою үшін қосымша 23 бригада тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Он қазандықтың алты агрегаты іске қосылды, төртеуі резервте.

Зақымданған жылу желілері толық жасалып біткен жоқ. 15 апаттық учаскенің 14-і қалпына келтірілді.

"Таңертең тағы 25 көпқабатты және 90 жеке үйде жылу беру проблемалары анықталды. Жылу желілерінде ыстық су бар. Бірақ ішкі жылумен жабдықтау желілерін жөндеуді аяқтау қажет. Ол үшін қосымша 23 бригада тартылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жылусыз қалған тұрғындар 1200 жылытқышпен қамтамасыз етілген.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар