$ 490.84  536.88  5.04

Петропавлда оқушылар сырт киіммен сабақ оқуға мәжбүр

Осыған байланысты әкімшілік жедел шаралар қабылдады: жоғарыда аталған сыныптардың оқушылары басқа кабинеттерге ауыстырылды.

Петропавлдың жаңа IT-мектебінде жаураған оқушылар сырт киіммен сабақ оқып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басылымның мәліметінше, термометр бағандары -25-тен төмен түсіп, кейбір мектептерде бастауыш сыныптар қашықтықтан оқу форматына ауыстырылған кезде аталмыш мектептің жоғары сынып оқушылары сырт киіммен оқуға мәжбүр болған. Оқушылардың ата-аналарының айтуынша, оқу орнында балалар суық дәліздермен ары-бері жүрмей, бір бөлмеде "жылынып" отыруы үшін кабинет жүйесі уақытша тоқтатылыпты.

Мектеп өткен оқу жылында салынған.

"М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейіндегі температуралық режимге келсек, шынында да, далада ауа температурасының төмендеуіне және желдің күшеюіне байланысты ғимаратта, атап айтқанда бұрышта орналасқан сыныптарда температура төмендеді. Осыған байланысты әкімшілік жедел шаралар қабылдады: жоғарыда аталған сыныптардың оқушылары басқа кабинеттерге ауыстырылды, сондай-ақ ұйымның мердігері тиісті жылу режимін сақтау бойынша қосымша іс-шаралар өткізетін болады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары