30.11.2022, 10:40

Тараз мұз қалаға айналды

Бір күнде дәрігерлер көмегіне мертіккен 200-ге жуық адам жүгінген.

Көктайғақ тіршілікті тұралатып тастады. Таразда жаңбыр жауып, жол түнгі аяздан көк мұзға айналған. Көлік қозғалысы қиындап, жалтыраған көшеде көлік түгілі, адамның өзі жүре алмай құлап, жарақат алып жатыр. Бір күнде дәрігерлер көмегіне мертіккен 200-ге жуық адам жүгінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Тараз мұз қалаға айналды – 200-дей адам мертіккен Көктайғақ тіршілікті тұралатып тастады. Таразда жаңбыр жауып, жол түнгі аяздан көк мұзға айналған. Көлік қозғалысы қиындап, жалтыраған көшеде көлік түгілі, адамның өзі жүре алмай құлап, жарақат алып жатыр. Бір күнде дәрігерлер көмегіне мертіккен 200-ге жуық адам жүгінген.

Қалада мұздақтан кейін осындай жағдай болған. Көктайғақ ойын баласын ғана қуантты, олар сырғанап мәз. Бұл көрініске езу тартқандар таңға жуық күлкісін сап тиды. Көк тайғақта жол апаты көбейіп, көшеге көлік кептелді.  

"Облыс және Тараз қаласында 15 жолкөлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде жетеуі – механикадан. 10 адам жеңіл жарақат алды. Апаттардың себебін анықтау мақсатында сараптамалар тағайындалды", -деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы, Гүлсара Мұхтарқұлова.

Қауіпсіз болу үшін кей ата-аналар баласын мектепке жібермей қойған. Өйткені бір күнде 200-ге жуық тайғанап, жарақат алған. Оның 40-тан астамы оқушылар.  

"Ауыр науқастар да бар. Аяғы, жамбасы, қолы сынған. Алты адам жарақат бөлімінде жатыр. Ота жасалады. Әріптестерімізге ауыр салмақ түсіп жатыр. Екі дәрігер жұмыс істеп жатыр. Үштен де істеп жатырмыз. Бригаданы көбейтуге мәжбүрміз", - дейді травматолог Нұржан Әбдрайымов.

Түске таяу жағдай тұрақталды. Күре жолдар да ашылды. Қаладағы 79 көше мұздан тазартылды. Коммуналдық қызметтің еңбегі ерекше көзге түсті. Олар құм мен тұзды қолмен сеуіп жүр. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауып, артынша тағы да аяз болуы ықтимал.