30.11.2022, 16:40

Рудный тұрғындары жылусыз қалды

Фото: ашық дереккөз
Анықталғандай, қазандықтың қаптамасы бұзылған.

"Рудный қаласының ахуалдық орталығы" КММ өзінің Instagram парақшасында қалалық жылу құбырларында ақау шыққаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Рудный қаласы, Шевченко көшесі 116 мекенжайы бойынша орналасқан № 5 сорғы станциясының жұмысында ақау шықты. 13 жеке үй жылудан ажыратылды. Жылу құбырының диаметрі - 159. Сондай-ақ Гагарин көшесі 6 мекенжайында да ұқсас жағдай анықталды. Құбырдың диаметрі - 159. 33 бес қабатты үй мен бір мектеп жылудан ажыратылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Арқалық ЖЭО-да да апат болғаны туралы хабар тараған еді. Анықталғандай, қазандықтың қаптамасы бұзылған. Зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық кәсіпорынның деректері бойынша, Қостанайда барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тегтер: жылу Рудный