$ 482.86  533.17  5.08

Екібастұздағы төтенше жағдайға байланысты тергеу басталды

Кінәлілерге 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша соталды тергеуді тіркеді, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Соталды тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды. Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары