$ 481.84  531.33  5.07

Футболдан ӘЧ: Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе алдағы ойындарға қатыспауы мүмкін

Мбаппенің тобығынан алған жарақаты 29 қараша күнгі жаттығуда асқына түскен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе үшінші турда Туниспен ойынға қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Чемпионат» сайтынан мәлім еткеніндей, Мбаппенің тобығынан алған жарақаты 29 қараша күнгі жаттығуда асқына түскен.

Сол себепті Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Мбаппенің 1/8 финалда өтетін матчқа дейін толық қалпына келуі үшін оған демалыс беруі ықтимал.

Әлем чемпиондары D тобында Аустралияны 4:1, Данияны 2:1 есебімен ұтып, плей-офф кезеңінен мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұл кездесулерде К.Мбаппе үш голдың авторы атанды.

Тунис – Франция матчы елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Француздарға өз тобында бірінші орын алу үшін тең ойын жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары