Ақтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
30 қарашада облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам уақыт қашып жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінен табылған.
Күдікті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.