$ 481.84  531.33  5.07

Ауруханадан шыққан Айдос Ербосынұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Боксшы ауруханадан шыққаннан кейін жазған алғашқы видеоүндеуі жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Соңғы жекпе-жегінде ауыр жарақат алған кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында спортшының ауруханадан шыққаннан кейін жазған алғашқы видеоүндеуі жарияланды.

«Маған жанкүйер болған жандардың бәріне Алла разы болсын. Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Айналысып жүрген кәсібіміз – бокс – нағыз ерлердің спорты болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Біз ғана емес, әйгілі Пакьяолардың өзі ауруханаға талай рет түскен, мықты болып оралған. Біз де, иншалла, мықты болып ораламыз. Алла бұйырса, әлі талай жеңістерге жетеміз, чемпиондық белдікті алып келеміз», - деді Айдос Ербосынұлы.

Еске салсақ, 6 қараша күні АҚШ-та қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтіп, отандасымыз нокаутпен жеңілді. Айқастан соң боксшымыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ол комаға түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары