$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде екі мыңға жуық үй жарықсыз қалды

Бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.

Бүгін Өскеменде электр желісінен ақау шығып, екі мыңға жуық үй мен тағы бірнеше көше жарықсыз қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, бұған "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" АҚ-ның қосалқы станциясындағы апат себеп болып отыр.

№25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары