Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz
Полиция еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеуді бастады.
"Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу). Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде", - деп мәлімдеді полиция.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.