$ 440.92  475.36  4.82

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.

"Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған Түркістан жыланы небәрі 78 жаста еді", - делінген хабарламада.

Әлжан Мүсірбекұлы - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Тоғыз дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары