$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде электронды темекі саудасына толықтай тыйым салынбақ

Оқушылардың электронды темекіге әуестеніп бара жатқанын биыл президенттің өзі мәселе етіп көтерген болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекіге толық тыйым салу туралы бастама көтерді. Олар осылайша жасөспірімдердің денсаулығын қорғамақ. Бірақ кейбір сарапшылар электронды шылымға тосқауыл көлеңкелі бизнестің дамуына жол ашуы мүмкін екенін айтып жатыр. 

Жасөспірімдер арасында электронды темекінің танымалдығы никотинге тәуелділікке ерте қалыптасуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болатын адамдардың темекіден бас тартқаны дұрыс деп санаймыз, – дейді ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.

Алайда электронды темекілер жаппай сатылымда болған соң оқушылардың қолына оңай тиеді. Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр.

«21 жасқа толған әрбір азамат өзі үшін шешім қабылдай алады. Ол – оның таңдауы. Егер никотині көбірек шылым тартқысы келмесе, электронды темекіні пайдалансын. Денсаулық министрлігі мәселені осылай шешеміз деп отыр ғой. Бірақ дүкендерде мектеп оқушыларына заңсыз сатылып жатқан вейб сияқтылармен күреспей, керісінше, барлық электрондық темекіге тыйым салуы дұрыс емес», – дейді «Qazpirits» қауымдастығының атқарушы директоры Дмитрий Жуков.

Еске сала кетсек, оқушылардың электронды темекіге әуестеніп бара жатқанын биыл президенттің өзі мәселе етіп көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары