$ 449.58  486.94  4.86

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының басты фавориттері белгілі болды

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. Бүгін алғашқы плей-офф ойындары өтеді.

Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін плей-офф кезеңіне өткен 16 команда ғана қалды. Букмекерлік кеңселер негізгі фавориттерді анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар Бразилия құрамасын негізгі фаворит деп санайды. 1/8 финалда олар Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойнайды.

Сондай-ақ үздік 5 фавориттер тізімінде Аргентина, Франция, Испания және Англия бар. 

Айта кетейік, Бразилия құрамасы екі ойында жеңіске жетіп, бір ойында жеңіліске ұшырап, топтан бірінші орынмен шыққан.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. Бүгін алғашқы плей-офф ойындары өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары