$ 494.87  520.65  4.91

Екібастұзда жылу желісін жөндейтін бригадалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалды.

Үкіметтің баспасөз қызметі Екібастұздағы жөндеу бригадалары тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз жылу-электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын.

28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға Премьер-Министр Әлихан Смайылов барып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

1 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі қызметінен босатты. Оның орнына уақытша Олег Крук тағайындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.

Екібастұздағы жылу желісінің ақауынан 4 үйге зақым келген.

Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, Екібастұзда орталықтандырылған жылуға жалғанбаған 19 тұрғын үй қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары