Депутат Жәмилә Нұрманбетова халықты зейнетақымен қамтамасыз етуде пәрменді шаралар қабылдау қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айта кетсек, Мәжілістегі үкімет сағатында бүгін Әлеуметтік кодекс жобасы талқыланған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады. Өз кезегінде Жәмилә Нұрманбетова зейнетақы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, болжам бойынша, 2050 жылға қарай зейнетке енді ғана шыққан азаматтардың басым бөлігі жоғалған табыстың тек 30%-ын ғана ала алады.
Бұл жағдайды мынадай бірнеше фактор күшейтеді:
елдегі жалақының төмендігі немесе «мүлдем аянышты жалақы»;
Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенімсіздігі;
зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алып қою.
«Осының салдарынан егер жағдайды өзгертпесек, бүгінгі қызметкерлер болашақта базалық зейнетақығана үміт арта алады. Сондықтан болжамды инфляция деңгейінде кем емес зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін заңнамалық деңгейде енгізу қажет деп санаймыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының рөлін күшейту, өз қызметінің халық алдындағы ашықтығын міндеттеу талап етіледі», - дейді ол.